Баспасөз орталығы

ҚМГ Инжиниринг ғылыми ынтымақтастық шектерін кеңейтіп жатыр

Бүгін, 16 шілде күні, ҚМГ Инжиниринг Халықаралық ақпараттық технологиялар университетімен бірге ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі орын алды.
Келісім-шартпен екі жақтың ғылыми-техникалық потенциалды дамыту, біріккен ғылыми-зерттеу жобаларының тиімділігін арттыру қарастырылған.
Респи құжатты ҚМГИ бас директоры Б. Хасанов пен ХАТУ Басқарма Төрағасы А. Хикметов қолдарымен бекітті.

- Біздің мақсатымыз – ғылымды, жаңа технологияларды және инновациалық қызметті дамыту саласында ынтымақтастықты арттыру және жан-жақты қарым-қатысты нығайту, сонымен қатар, өзара мүддесі бар салаларда ғылыми ынтымақтастық пен ғылыми зерттемелерді тәжірибелік жүзеге асыруда қолдау көрсету. Осы ынтымақтастықтың негізгі тапсырмасы жаңа технологиялармен, идеялармен және ақпаратпен алмасу үшін жайлы жағдайларды орнату, келісілген басымдық бағыттар мен бағдарламалар аясында өзара тиімді шарттарда біріккен ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру болып табылады, - деп тараптар Меморандумның ресми рәсімінде айтты.
Сонымен қатар, құжатты жүзеге асыру аясында біліктілікті арттыру мен ғылыми кадрларды дайындау, соның ішінде магистратура немесе докторантура және тағылымдама арқылы ұйымдастыру жоспарлануда.
Одан басқа, тараптар ғылыми зерттеулер нәтижелері бойынша ғылыми жұмыстарды бірге дайындауды жүзеге асыру, бірге басқару мен ғылыми кеңес беру үшін біліктілігі жоғары мамандарды тарту; оқушының және басқа да біріккен қызмет бағыттарында оқу және өндірістік тәжірибені өту туралы келісімге жетті.

Тізімге оралу