Баспасөз орталығы

ҚМГИ делегациясы Болашақ өрістеу Жобасының нысандарына көзбен тексеру жүргізді

Сапар мақсаты – Болашақ өрістеу Жобасының / сағалық қысымды басқару жобасының (БӨЖ / СҚБЖ) салынып жатқан нысандарын көзбен тексеру.

ҚМГ Инжиниринг тарапынан делегацияны басқарған ҚМГИ тәртіптік сарапшысы Сұлтан Ткенбаев айтуынша, тығыз уақыт пен едәуір жұмыс көлеміне қарамастан, компания мамандары алдарына қойған тапсырманы орындады.

«Біз барлық қажетті нысандарға барып қайттық және барлық төрт нысандар бойынша (3GP, 3GI, FF, C&P) жұмыс талқылауларына қатысып, БӨЭ / СҚБЖ жобасының салынып жатқан нысандарын көзбен тексердік», - деп сарапшы айтты.

ТШО-ның барлық 4 учаскелері орналасқан бас диспетчерлік бекет (БДБ) ретінде қарастырылатын Өндірісті басқару орталығына (БӨБО) қатты көңіл бөлді: КТЛ, Промысел/СПД, ЗВП/ЗСГВП и ЗТП/ЗСГТП.

Осы жерде болашақта барлық түскен деректерді өңдеу, жүйелерді қадағалау жұмыстары орындалады, осыдан басқа БӨБО барлық Тенгиз кенорнының басқару орталығы болып табылады. БДБ-де 28 операторға дейін орналасады, сонымен қатар жұмыстары күнделікті режимде жоспарланған техникалық көмек көрсету қызметкерлері орналасады.

Анықтама ақпараты:
БӨЖ – СҚБЖ Тенгиз кенорнының өндірістік қуатының кезекті ірі ауқымды өрістеуі болып табылатынын еске салып кетейік. Бұл ммұнайды өндіру көлемін 12 млн тоннаға арттыратын және Тенгиздің ағымдағы өндірістік нысандардың қуаттарының толық жұмысын қамтамасыз ететін маңызды жоба болып табылады. Дүниежүзілік деңгейі бар жобаны жүзеге асыруды әлемнің 11 мемлекетінде 19 орталық қатысады.

Динара Архарова, КМГ Инжиниринг

Тізімге оралу